Жарияланды: 14.07.2025
«ReConsult» жобасы іске қосылды: тегін заң көмегі енді қолжетімді

2025 жылғы 14 шілдеде Астана қаласында тегін заң көмегін ұсынуға бағытталған жаңа әлеуметтік жоба – «ReConsult» бастау алды. Жобаны Respublica партиясы, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ және Республикалық заң консультанттары алқасы бірлесіп іске асыруда.

Жобаның мақсаты – білікті заң көмегін барлық азаматтарға, шағын және микро бизнеске, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қолжетімді ету.

Жобаға Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Астана қаласы заң консультанттары палатасының мүшелері қосылды. Жұмыстың алғашқы сағаттарында-ақ заң консультанттары азаматтар мен шағын бизнес өкілдерінен ондаған өтініш қабылдады.

Негізгі кеңес беру тақырыптары мыналарды қамтыды:

– банк шоттарындағы бұғаттауларды алу;

– төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері;

– қарыздар бойынша ақшалай қаражатты қайтару;

– банктік қарыз шарттары бойынша алаяқтықпен байланысты даулар (заңсыз ресімделген банк несиелері);

– берешектерді өндіріп алу;

– коммерциялық емес ұйымдарды тіркеудің ерекшеліктері;

– отбасылық және еңбек даулары;

– көпбалалы аналар мен басқа да осал топтардың құқықтарын қорғау.

ReConsult жобасы өмірлік қиын жағдайларды шешу үшін қолжетімді және нақты ұсыныстар беретін құқықтық білім беру және азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды құралына айналды. ReConsult жобасын бірлесіп жүзеге асыру жалғасады.

WhatsApp Image 2025-07-14 at 12.47.22.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: