Жарияланды: 03.04.2026
«Respublica» партиясы ШҚО заң консультанттарын алғыс хаттармен марапаттады

2026 жылғы 3 сәуірде «Respublica» партиясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша партия филиалы мен Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында заң консультанттарын алғыс хаттармен марапаттады.

Марапаттау заң консультанттарының халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды іске асыруға, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының аудандарына барып қызмет көрсетуге белсенді қатысуына байланысты өткізілді.

Республикалық заң консультанттары алқасы ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, марапатталғандарды лайықты марапаттарымен құттықтайды!

WhatsApp Image 2026-04-03 at 17.54.51.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: