Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы аясында еліміздегі реформаларды іске асыруға және қоғамдық дамуға елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Айрықша еңбегі мен белсенді қызметі үшін Республикалық заң консультанттары алқасының және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Ақылбай Серік Байсеитұлы ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – Серік Байсеитұлының көпжылдық еңбегі мен жоғары кәсібилігінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Әділетті Қазақстанды құру ісіндегі заң консультанттарының маңызды рөлін айқындайды. Ұлттық құрылтайға қатысу біздің кәсіби қоғамдастыққа еліміздің құқықтық күн тәртібін қалыптастыруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Республикалық алқа атынан Серік Байсеитұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және заң мен қоғамға қызмет ету жолында жаңа табыстар тілейміз!

