Жарияланды: 10.04.2026
РКЮК төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапатталды

Жоғары марапат Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасын әзірлеуге қосқан үлесі және жалпыұлттық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқаны үшін табысталды.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде Серік Байсеитұлы негізгі түзетулерді түсіндіру және заңгерлік қоғамдастықтың ұстанымын шоғырландыру бағытындағы жұмыстарға айрықша атсалысты.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының құрамында ол ел өңірлерінде еңбек ұжымдарымен, қоғам өкілдерімен және жастармен өткен кездесулерге қатысты.

Республикалық заң консультанттары алқасы Серік Байсеитұлын лайықты марапатымен құттықтайды!

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: