Жарияланды: 05.09.2025
РКЮК заң консультанттарының кәсіби этикасы бойынша вебинар өткізді

2025 жылғы 5 қыркүйекте Республикалық заң консультанттары алқасы Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Динара Бекенқызы Куйкабаевамен бірлесіп «Заң консультанттарының этикалық қағидаларды сақтауы» тақырыбында вебинар өткізді.

Кездесу барысында спикер кәсіби этиканың негізгі мәселелерін қарастырып, сот тәжірибесінен практикалық мысалдар келтірді және «Этикалық нормаларды сақтау – жай ғана ресмилік емес, заңгерлік мамандыққа деген сенімнің негізі» екенін атап өтті.

Вебинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен 150-ден астам заң консультанты қатысты. Қатысушылар Алқаға өзекті тақырып үшін алғыс білдіріп, оқу іс-шаралары циклін жалғастыруға қызығушылықтарын білдірді.

Республикалық алқа жыл басынан бері судьялардың, тәжірибелі заңгерлердің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 19 тегін вебинар өткізді. Тақырыптар заң консультанттарының сұраныстары негізінде қалыптастырылады. Ұсыныстарды info@rcla.kz электрондық поштасына жолдауға болады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: