Жарияланды: 12.01.2026
Құрметті Серік Байсеитұлы!

Сізді 77 жасқа толған мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан, терең біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізді ел игілігіне арнаған абыройлы азаматсыз. Заң үстемдігін нығайтуға, құқықтық мемлекетті дамытуға бағытталған қажырлы еңбегіңіз, принципшілдігіңіз бен әділ ұстанымыңыз көпке үлгі.

Қандай лауазымда болсаңыз да, мемлекет мүддесін әрдайым биік қоя біліп, ел сенімін ақтадыңыз. Сіздің байыпты басшылығыңыз, парасатты көзқарасыңыз бен адамгершілік қасиеттеріңіз айналаңыздағы жандарға әрдайым демеу болып келеді.

Осы айтулы күні Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен бақ-береке тілейміз. Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы абыройлы ісіңіз жалғасын тауып, тәлім-тәрбиеңіз бен өмірлік тәжірибеңіз жас ұрпаққа өнеге бола берсін.

Ізгі ниетпен, Республикалық заң консультанттары алқасының ұжымы

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: