Жарияланды: 18.02.2026
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жаңартылған Конституция мәселелері бойынша кездесу өтті

18 ақпанда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында «Жастар буыны» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен, сондай-ақ университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамымен (жалпы қамту – 80 адам) Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясына енгізілген жаңашылдықтар мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Кездесуде спикерлер ретінде «Аманат» партиясының, «Respublica» партиясының өкілдері, сондай-ақ Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының мүшелері сөз сөйледі.

Іс-шара барысында жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері түсіндіріліп, қатысушылардың барлық қойылған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: