Жарияланды: 05.03.2026
«Самғау» балалар шығармашылық орталығында педагогикалық қауымдастықпен кездесу өтті

2026 жылғы 5 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы мен «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Ақылбай Серік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Республикалық халықтық коалициясының құрамында Екібастұз қаласына жұмыс сапары аясында «Самғау» балалар шығармашылық орталығының залында педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Халықтық Конституцияның негізгі ережелері, оның білім беру жүйесін дамытудағы және азаматтар үшін тең мүмкіндіктер қағидаттарын нығайтудағы маңызы туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесуге қатысушылар жаңа Конституция аясында білім беру тек әлеуметтік қызмет ретінде ғана емес, сонымен қатар елдің дамуының стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ педагогтарды қолдау, инклюзивті білім беруді дамыту және адам капиталын қалыптастыруда білім беру ұйымдарының рөлін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Сонымен қатар кездесуде «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ атқарушы директоры Искакбеков Аргын Асетович сөз сөйледі.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 285 адам.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: