2026 жылғы 15 сәуірде Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігімен бірлесіп аудан тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсету бойынша «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Іс-шара Сарыағаш қаласының Мәдениет үйінде ұйымдастырылып, тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған республикалық акция аясында өтті.
Акция барысында аудан тұрғындарына әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша білікті заң көмегі көрсетілді. Азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтар үшін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
