Жарияланды: 27.02.2026
Серік Ақылбай Орал қаласында зиялы қауым және азаматтық қоғам өкілдерімен өткен дөңгелек үстелге қатысты

2026 жылғы 27 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Серік Ақылбай Жалпыұлттық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы құрамында Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының зиялы қауымы және азаматтық қоғам өкілдерімен өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Талқылауға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының және өңірдің сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын және 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды талқылауға арналды.

Пікірталас барысында құқықтық кепілдіктерді нығайту, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттіліктің құндылықтық негіздерін бекіту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Серік Ақылбай жаңа Конституция мәтініндегі құқықтық айқындық пен тұжырымдардың нақтылығының маңыздылығын атап өтіп, жаңартылған Негізгі заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды қамтамасыз етуі және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуы тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, конституциялық реформа қазіргі заманның сын-қатерлеріне жауап беретін орнықты институционалдық даму моделін қалыптастыруға бағытталған.

Кездесу аясында зиялы қауым және азаматтық қоғам өкілдері өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, жобаны ашық қоғамдық талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның жалпы қамтуы – 80 адам.

0c59f6e7-abd4-4e56-8a6e-5ab988ee04c9-e1772184703284.jpg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: