Жарияланды: 21.07.2026
Серік Ақылбай жаңа Конституцияны іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты

2026 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық заңгерлер қауымдастығы ұйымдастырған, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, заң және сарапшылар қоғамдастығының мүшелері, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелде Республикалық заң консультанттары алқасының және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-ның төрағасы Серік Ақылбай баяндама жасады.

Өз сөзінде ол конституциялық реформаның Қазақстан мемлекеттілігін дамытудағы маңызды кезең болғанын атап өтіп, оның табысты іске асырылуы мемлекет, кәсіби заң қоғамдастығы және азаматтық қоғам институттарының бірлескен күш-жігерін талап ететінін айтты.

Сондай-ақ республикалық референдумға дайындық кезеңінде жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарындағы заң қоғамдастығының рөліне ерекше назар аударылды. Осы ретте Республикалық заң консультанттары алқасы құрамындағы 13 өңірлік палатамен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде 6 мыңнан астам азаматтың қатысуымен 87 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын ұйымдастырды. Палаталардың өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеп, дөңгелек үстелдерге, қоғамдық талқылауларға және халықпен кездесулерге белсенді қатысып, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндірді.

Төрағаның айтуынша, қазіргі кезеңде заң қоғамдастығының алдында конституциялық нормалардың іс жүзінде тиімді іске асырылуына жәрдемдесу міндеті тұр. Бұл ретте азаматтар мен бизнеске білікті заң көмегін көрсету, құқық қолдану практикасының бірізділігін қалыптастыру және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру ерекше маңызға ие.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар конституциялық өзгерістерді одан әрі іске асыру, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ жаңа конституциялық институттарды дамыту мәселелерін талқылады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: