2026 жылғы 4 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Маңғыстау облысының заң консультанттары палатасы басқармасының мүшесі, Палатаның жауапты хатшысы Есекенова Татьяна Кажымуратовна Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаларды талқылау және олардың қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызы болды.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы жаңартылған Конституциясы жобасының негізгі ережелерін талқылады. Студенттер конституциялық реформалардың жастар саясатына және елдің дамуына ықпалы жөнінде сұрақтар қойып, жоғары қызығушылық танытты.
Татьяна Кажымуратовна өз сөзінде жаңартылған заңнама жағдайында өмір сүріп, еңбек ететін әрі заманауи құқықтық мемлекетті дамытуға белсенді қатысатын – бүгінгі жас ұрпақ екенін атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Іс-шараның жалпы қамтылуы – 30 адам.
