2026 жылғы 20 мамырда Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасы Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы мен Шемонаиха қаласы тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған іс-шараға қатысты.
Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарды Қазақстан Республикасы заңнамасының өзекті мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталды.
