15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Шымкент қаласында «Отбасын қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен мерекелік кездесу өтті. Іс-шара отбасы құндылықтарын насихаттауға, қоғамдағы отбасының рөлін арттыруға және азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталды.
Кездесуге Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, АХАТ бөлімінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Сонымен қатар, Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Мырзабай Нұрлан Әлжанұлы қатысып, отбасы институтын нығайту мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Жиын барысында «Отбасын қолдау орталығы» КММ-мен белсенді жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерге арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Қонақтарға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.
