2026 жылғы 18 ақпанда Шымкент қаласындағы №6 қалалық емхананың акт залында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шара классикалық форматта ұйымдастырылды.
Кездесуге «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаттары Исабеков Данабек Ержанович пен Әбден Қарақат Жақсылыққызы қатысты.
Сондай-ақ, Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Абдурахманова Гузаль Рустамжанқызы Конституция жобасына енгізіліп жатқан негізгі өзгерістерді түсіндірді.
Кездесу барысында медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Іс-шараның жалпы қамтуы – 50 адам.

