2026 жылғы 17 ақпанда Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесуге «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаттары Исабеков Данабек Ержанович пен Әбден Қарақат Жақсылыққызы қатысты.
Сондай-ақ, Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі Абдурахманова Гузаль Рустамжанқызы Конституция жобасына енгізіліп жатқан негізгі өзгерістерді түсіндірді.
Кездесу барысында тұрғындар өзекті сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Іс-шараның жалпы қамтуы – 40 адам.

