Жарияланды: 19.02.2026
Шымкент қаласында аудан қарияларымен кездесу өтті

2026 жылғы 19 ақпанда референдумның мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіру мақсатында Халықтық коалиция мүшелері аудан қарияларымен кездесу өткізді.

Жиын барысында Абай ауданының штаб мүшесі Ербол Мынбай және Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі Абдурахманова Гузаль Рустамжанқызы қатысты. Олар жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын кеңінен түсіндіріп, алдағы республикалық референдумның маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

Кездесу аясында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Ашық диалог пен сындарлы пікір алмасу әділетті әрі прогрессивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді.

Іс-шараның жалпы қамтуы – шамамен 30 адам.

WhatsApp Image 2026-02-24 at 09.33.37.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: