2026 жылғы 19 ақпанда референдумның мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіру мақсатында Халықтық коалиция мүшелері жалпы орта мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында штаб мүшесі Ербол Мынбай және Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі Абдурахманова Гузаль сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын кеңінен баяндады. Сондай-ақ алдағы республикалық референдумның қоғам үшін маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
Кездесу барысында мұғалімдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ашық білдірді. Әсіресе жастардың ел дамуына белсенді қатысуы, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Еркін форматта өткен пікір алмасу қатысушыларға референдумның қоғам өміріндегі рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын арттырып, саналы таңдау жасауына ықпал ететіні атап өтілді.
Іс-шараның жалпы қамтуы – шамамен 70 адам.

