2026 жылғы 21 сәуірде Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы «Respublica» партиясымен ынтымақтастық аясында халыққа тегін құқықтық көмек көрсету іс-шарасын өткізді.
Іс-шара Палата мен партия арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде ұйымдастырылып, азаматтар үшін заң көмегінің қолжетімділігін арттыруға бағытталды.
Акция барысында заң консультанттары Махатаева Аида мен Абдурахманова Гузаль азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді.
Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ кәсіби заң қауымдастығы мен қоғамдық институттар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Республикалық заң консультанттары алқасы азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған өңірлік палаталардың бастамаларын қолдайды.
