2026 жылғы 20 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі Аристанов Кайрат Хайдарович Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы университетте жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесуге қатысты.
Іс-шара «Халық демократиялық партиясының» және мәслихат депутаттарының қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар құрамына жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттары мен бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу ашық диалог форматында өтті.
Іс-шараның жалпы қамтуы – шамамен 200 адам.




