2026 жылғы 22 сәуірде «Шымкент» медициналық колледжінде «Білім және еңбек – стратегиялық құндылық, адами капиталды дамыту» тақырыбында мазмұнды семинар өтті.
Іс-шараға Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі Мырзабай Нұрлан Әлжанұлы арнайы қонақ ретінде қатысты.
Семинар барысында ол қоғамдағы білім мен еңбектің маңызы, кәсіби даму жолдары және адами капиталды арттырудың негізгі бағыттары туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар спикер заң саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу пайдалы әрі мотивациялық атмосферада өтіп, студенттерге болашақ кәсіби және жеке дамуына бағыт-бағдар берді.
