Жарияланды: 17.02.2026
Шымкент қаласының Абай ауданында ардагерлермен кездесу өтті

2026 жылғы 17 ақпанда Шымкент қаласының Абай ауданындағы «Ізетті зейнеткер» орталығында ардагерлермен кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістерді түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Исабеков Данабек Ержанович және Әбден Қарақат Жақсылыққызы қатысты.

Сондай-ақ, Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Абдурахманова Гузаль Рустамжанқызы Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерді түсіндірді.

Іс-шараның жалпы қамтуы – 50 адам.

WhatsApp Image 2026-02-24 at 09.32.33.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: