2026 жылғы 23 маусымда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған студенттермен кездесу өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ердәулет Садықов, сондай-ақ Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Нұрлан Мырзабай қатысты.
Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, есірткі қылмысының алдын алу және өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Спикерлер студенттерге құқық бұзушылықтардың құқықтық салдарын түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, заңға құрметті нығайтуға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.
