Жарияланды: 13.02.2026
Шымкентте жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған консилиум өтті

2026 жылғы 13 ақпанда Тәуелсіздік алаңында «AMANAT» партиясының бастамасымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған консилиум өтті.

Іс-шараға Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының мүшелері Абдурахманова Гузаль мен Жумабаева Багила, сондай-ақ Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қатысты.

Кездесу барысында Ата заң жобасының негізгі ережелері, оның құқықтық жүйені одан әрі дамытудағы және әділеттілік пен заңдылық қағидаттарын нығайтудағы маңызы талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, конституциялық өзгерістерді қоғамдық талқылауға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның жалпы қамтуы шамамен 60 адамды құрады.

WhatsApp Image 2026-02-24 at 09.31.10.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: