2026 жылғы 5 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасы «Respublika» партиясымен бірлесіп, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің өкілі мен депутаттың қатысуымен Қ. Қайсенов кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының төрағасы А.Х. Аринова Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен енгізілген жаңашылдықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қатысушыларға конституциялық өзгерістердің маңызы, олардың құқықтық мемлекетті дамытудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі туралы ақпарат ұсынылды.
Кент тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалогқа қатысты.
Іс-шараның жалпы қамтылуы – 35 адам.
