2026 жылғы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Балалық шақ бақытының бояуы» атты ашық форум өтті.
Форум қорытындысы бойынша Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары Палатасының командасы екінші орынға ие болды.
Іс-шараға адвокаттар, заң консультанттары және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қатысушылар неке-отбасы заңнамасы, медиация және азаматтық құқық бойынша тест тапсырып, эссе жазды, сондай-ақ қалпына келтіру медиациясын жүргізу бойынша практикалық кейстік тапсырмаларды орындады.
Палата өкілдерінің табысты өнер көрсетуі олардың кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, заңнаманы терең меңгергенін және татуластыру рәсімдерін қолданудағы практикалық дағдыларын көрсетті.
Республикалық заң консультанттары алқасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасын жоғары нәтижесімен құттықтап, алдағы қызметіне табыс пен жаңа жетістіктер тілейді.
