2026 жылғы 10 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасы «Құқықтық мәдениет және заң үстемдігі» атты заң форумын (байқауын) ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шара мемлекеттік «Заң және тәртіп» бағыты аясында өтіп, құқық қорғау органдары мен заңгерлер қауымдастығының өкілдерін біріктірді.
Форумға Полиция департаментінің, Абай облысы прокуратурасының және Alikhan Bokeikhan University оқу орнының заң клиникасының өкілдері қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заң үстемдігі қағидаттарын нығайту және мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамыту болды.
Байқау аясында қатысушылар жоғары кәсіби дайындық деңгейін, заңнаманы терең меңгергенін және белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Форум тәжірибе алмасуға, өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға және құқықтық ағартудың тұрақты тетіктерін қалыптастыруға арналған нәтижелі алаңға айналды.
