2026 жылғы 9 сәуірде Алқа құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасы Қазақстан Республикасы Конституциясына референдум қорытындысы бойынша енгізілген өзгерістерге байланысты азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге бағытталған ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында әлеуметтік осал топтар үшін көзделген әлеуметтік кепілдіктер туралы да ақпарат берілді.
Іс-шара «Шығыс Қазақстан облыстық зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған арнайы кітапхана» КММ-де өтті.
