2026 жылғы 27 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасы Шығыс Қазақстан облысындағы Жоғары техникалық-гуманитарлық колледжінде түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Негізгі заңының нормалары түсіндіріліп, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен маңызы таныстырылды. Конституцияның азаматтар өміріндегі рөліне және жастардың қоғамдық-саяси үдерістердегі орнына ерекше назар аударылды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Студенттердің конституциялық жаңашылдықтарға және құқықтық жүйенің дамуына қатысты мәселелерге қызығушылығы айқын байқалды.
Іс-шараның жалпы қамтылуы 30 адамды құрады.
