Жарияланды: 18.02.2026
Шығыс Қазақстан облысында жаңартылған Конституция мәселелері бойынша кездесу өтті

18 ақпанда «ВКОШығысЖол» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шараға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласының қызметкерлері қатысты (жалпы қамту – 30 адам).

Кездесуде спикерлер ретінде Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Светаш А.А., «Respublica» және «Аманат» партияларының өкілдері, сондай-ақ Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының мүшелері сөз сөйледі.

Іс-шара барысында жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері түсіндіріліп, қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берілді. Кездесу Шығыс Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: