2026 жылғы 10 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласындағы «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, Талдықорған агротехникалық колледжінің ұжымы мен студенттерімен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат ұсынылып, әділеттілік, заңдылық және құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндірілді.
Сонымен қатар отбасы институтын нығайту, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, азаматтарды әлеуметтік қолдау және қоғамдық бақылаудың рөлін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар спикерлердің баяндамаларын мұқият тыңдап, пікір алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ашық диалог барысында конституциялық реформалардың әлеуметтік, құқықтық және экономикалық аспектілері талқыланды.
Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараның жалпы қамтылуы – 250 адам.
