2026 жылғы 22 ақпанда Талдықорған қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілі, Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласындағы «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, сондай-ақ «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Құдайберген Нұрбек Мәлікұлы «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС қызметкерлерімен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған ауқымды құжат екені атап өтілді.
Сонымен қатар 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысып, жаңа Конституция жобасына дауыс берудің маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шараның жалпы қамтуы – 30 адам.
