2026 жылғы 2 мамырда Астана қаласында Республикалық заң консультанттары алқасы және Астана қаласының заң консультанттары палатасы ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.
Жалпыұлттық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және ел аумағының тазалығы мен абаттандырылуына азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында республика бойынша аумақтарды көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қоршаған ортаның тазалығы – адамның ішкі мәдениетінің көрінісі және ол бір реттік акция емес, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы сондай-ақ табиғатты сақтау ісінде азаматтардың, еріктілердің, бизнестің және мемлекеттік институттардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Аталған бастамаларды қолдай отырып, Республикалық заң консультанттары алқасы және Астана қ. заң консультанттары палатасының өкілдері акцияға белсенді қатысып, қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Іс-шара аясында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Алқа тұрақты негізде азаматтық жауапкершілікті дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар және экологиялық бастамаларды қолдайды, сондай-ақ алдағы уақытта да осындай жобаларға белсенді қатысуға дайын екенін білдіреді.
