Жарияланды: 17.12.2025
Ақтөбе облысында сотталғандарға амнистия мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді

Ақтөбе облысының Әділет департаменті мен Ақтөбе облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы ынтымақтастық аясында, Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасы орташа қауіпсіздік деңгейіндегі №70 мекемеге (СИ-5) барды.

Сапар барысында сотталғандарға Қазақстан Республикасында жарияланған амнистияны қолдану мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188, 189 және 362-баптары бойынша сотталғандар толық әрі түсіндірмелі құқықтық кеңес алды.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: