2026 жылғы 6 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласындағы «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, Жетісу облысы Өтенай ауылының тұрғындарымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат ұсынылып, мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін кеңейтуге бағытталған өзгерістер түсіндірілді.
Кездесуде сөз сөйлеген Нұрбек Құдайберген конституциялық реформалар әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
Оның айтуынша, Негізгі заң жобасында әлеуметтік әділеттілік мәселелеріне, білім, ғылым, мәдениет және инновацияны дамытуға, сондай-ақ қоғам мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаттарына негізделген заманауи мемлекеттік модельді қалыптастыруға ерекше назар аударылған. Ашық диалог барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық диалогты нығайтуға ықпал етеді.
