Жарияланды: 16.02.2026
Түркістан облысы бойынша ҰАТ қатысушылары №4 арнайы мектеп-интернатқа мониторинг жүргізді

Республикалық заң консультанттары алқасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен Ынтымақтастық туралы меморандум аясында өзара іс-қимылды жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі жанындағы 2025-2026 жылдарға арналған Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) жүйесінің қатысушылары қатарында Алқа құрамына кіретін палаталардың мүшелері болып табылатын заң консультанттары бар.

Түркістан облысы бойынша ҰАТ тобының жетекшісі – Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының мүшесі Пернебаева Гульнара Жексенбаевна.

ҰАТ қызметі шеңберінде Түркістан облысы бойынша топ мүшелері Түркістан облысы Білім басқармасының «№4 арнайы мектеп-интернат» КММ-не мониторингтік бару жүргізді.

Мониторинг барысында қатысушылар тәрбиеленушілердің білім алу және тұру жағдайларымен танысты. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, санитариялық нормалардың сақталуына, тұрмыстық жағдайларға, медициналық қамтамасыз етуге және тамақтандырудың ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөлінді.

Бұл бағыттағы жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалғастырылатын болады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: