Түркістан облысында жаңа Салық кодексін қолдану мәселелері бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Құжат ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енгеніне қарамастан, азаматтар мен кәсіпкерлер арасында оны іс жүзінде қолдануға қатысты сұрақтар әлі де туындап отыр.
Түсіндіру іс-шаралары «Respublica» партиясымен бірлесіп, «ReConsult» жобасы аясында заңгерлер қауымдастығы мен салық саласы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылуда.
Қатысушылар қатарында Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының мүшесі Пернебаева Гульнара Жексенбаевна бар.
Кездесулер барысында азаматтар мен кәсіпкерлерге заңнаманың негізгі нормалары түсіндіріліп, тегін құқықтық кеңестер берілуде.
