Қазақстанның орнықты дамуы мен тәуелсіздігінің нығаюы бүгінде мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып отыр. Қайтарылған активтерді тиімді пайдалану, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ саяси және экономикалық реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды. Бұл бағыттағы шешімдер қысқа мерзімді нәтижеден гөрі, қоғамның өмір сапасын жүйелі түрде арттыруға бағытталған.
Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты – мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімді күшейту, ашықтықты арттыру және азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Осы тұрғыда Парламенттік жүйені жетілдіру, салық саясатын реформалау және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері де кеңінен талқылануда.
Осы тақырыптар аясында Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Байсеитұлы Ақылбай Қазақстан Ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасында өз пікірін білдірді.
Толық шығарылым сілтеме бойынша
