2026 жылғы 4 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысының заң консультанттары палатасының мүшесі С.И. Ильясова «Жылы жүрекпен» әлеуметтік жобасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақмола бөлімшесінің ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары мен заң консультанты арасында белсенді әрі сындарлы диалог өтті. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау, Көкшетау қаласы шегінде балалар мен олардың ата-аналарына инватакси қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ салықтық шегерімдер мен әлеуметтік кепілдіктер мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар мұндай кездесулер жұмыс орнынан қол үзбей жедел әрі білікті заң көмегін алуға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ олардың уақытын және қаржылық шығындарын үнемдеуге ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шараның жалпы қамтылуы – 6 адам.

