Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Сайрам ауданының мәдениет Сарайында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» және Шымкент қаласы Әділет департаменті бірлесіп, Шымкент қаласы тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Акция жұмысына Шымкент қаласы Әділет департаментінің өкілдері, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» өкілдері, адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары және жеке сот орындаушылары қатысты.
Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына енетін Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшелері К. Исманшиков пен Ф. Мираметов те тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешімін табуға көмек қолын созды.



