Жарияланды: 30.04.2026
Заң консультанттары конституциялық құқық мәселелеріне арналған тренингке қатысты

2026 жылғы 29-30 сәуір күндері Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының заң консультанттары Шаймаханова Сәуле Аббасқызы, Мұқан Димаш Қайратұлы, Оразкен Раиымбек Ғалымұлы және Сыдыкова Перизат Жайсанбекқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Конституцияның үстемдігі және конституциялық сот ісін жүргізудегі amicus curiae институтын дамыту» тақырыбындағы тренингке қатысты.

Тренинг аясында конституциялық құқықтың өзекті мәселелері бойынша мазмұнды талқылаулар өтіп, кәсіби тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Осындай іс-шараларға қатысу кәсіби біліктілікті арттыруға, заманауи құқықтық құралдарды меңгеруге және құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: