Жарияланды: 02.07.2026
Жаңа Конституция: отбасы институтын нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау

Отбасы институтын нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында айқындалған негізгі бағыттардың бірі. Конституциялық реформалар демократиялық институттарды одан әрі дамытуға және құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған.

Жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері «Бүгін.Live» бағдарламасында талқыланды.

Эфир барысында Республикалық заң консультанттары алқасының және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай жаңа Конституцияның басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру және құқықтық мемлекеттің қағидаттарын одан әрі нығайту екенін атап өтті.

Бағдарламаның толық нұсқасы сілтеме бойынша:

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: