Жарияланды: 18.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: жарқын болашаққа бастар қадам

2026 жылғы 18 ақпанда «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілдері Елдос Баялышбаев, Қуаныш Сайлаубай және Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, сондай-ақ «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген Облыстық қан орталығының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мазмұны мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Алғаш сөз алған Қуаныш Сайлаубай жаңа Конституция жобасының нормалары қоғамның сұраныстары мен ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат – мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруге және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Өз кезегінде Нұрбек Құдайберген конституциялық реформаның халықтың саяси үдерістерге қатысуын кеңейтіп, заң үстемдігін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Оның пікірінше, Парламенттің рөлін күшейту және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту демократиялық қағидаттардың тереңдеуіне әсер етеді.

– Жоба Конституция деңгейінде әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттарын бекітеді. Білім, ғылым, мәдениет және инновацияға басымдық беру – адам капиталына негізделген заманауи мемлекеттің стратегиялық бағытын айқындайды, – деді спикер.

Іс-шараға шамамен 40 адам қатысты.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: