Құрметті әріптестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке. Барша адамзат бұл күні ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктер мен арман-мақсаттарды жүзеге асыратын табысты жол болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Байсеитұлы Ақылбай

