Жарияланды: 04.03.2026
Жамбыл облысы Шу қалалық емханасының ұжымымен түсіндіру кездесуі өтті

2026 жылғы 4 наурызда Жамбыл облысы Шу қалалық емханасында мекеме ұжымымен түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Жамбыл облысының заң консультанттары палатасының заң консультанты М.Т. Абдуллаев қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша жан-жақты түсіндірме беріліп, олардың құқықтық маңызы баяндалды.

Сондай-ақ азаматтардың республикалық референдумға қатысуы – халықтың тікелей ерік білдіруінің бір нысаны ретінде қарастырылып, осы мәселеге ерекше назар аударылды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалогқа қатысты.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 60 адам.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: