Жарияланды: 17.02.2026
Жарма ауданында Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 17 ақпанда Абай облысының Жарма ауданында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Жарма ауданы коалициясы құрған комиссия мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Талқылауға мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша аң консультанттары палатасының заң консультанттары, сондай-ақ ауданның белсенді тұрғындары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Конституция жобасының негізгі ережелері бойынша пікір алмасып, өзекті мәселелерді атап өтіп, құжатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдірді.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: